Ақтауда аса ірі көлемде есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Polisia.kz.

Ақтауда аса ірі көлемде есірткі сақтаған күдікті ұсталды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласында есірткіні заңсыз сақтау дерегі анықталды. Тексеріс нәтижесінде күдіктіден жалпы салмағы 4 келіден асатын гашиш есірткісі тәркіленді.

 

"Бұл дерек бойынша есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.