ҰҚК Алматы облысында ер адамды есірткі дайындап жатқан жерінен ұстады

ҰҚК

Мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы әшкереледі.

Алматы облысында психотроп заттарды дайындап жатқан жерінде Қазақстан азаматы ұсталған. Тінту барысында 3 келі а-PVP, кристалдану сатысындағы 15 келі өнім, 700 литр прекурсор мен зертханалық жабдықтар тәркіленген.

 

"Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп жазылған хабарламада.