Астанада жол үстінде келе жатқан жеңіл көлік жарылып кетті. Оқыс оқиға Аманжолов пен Нәжімеденов көшелерінің қиылысында болған. Жарылыс салдарынан бес адам оңбай күйіп қалды. Зардап шеккендердің арасында кішкентай бала да бар. Жедел жеткен дәрігерлер зардап шеккендерді бірден қалалық ауруханаларға алып жеткізген.
АКБАЯН АРАПШАЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда. Пациенттерге қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетілуе.