Қызылжарда апатты балабақшада дау шықты

Қызылжарда балабақшада дау шықты. 1936 жылы бой көтерген білім мекемесі қазір апатты жағдайда тұр. 20 жыл бұрын нысан жаңғыртылғанымен, бүгінде қайтадан күрделі жөндеуді қажет етеді. Ғимаратттың іргетасы опырылып, төбесі тесіліп жатыр. Сол себепті бірінші маусымнан бастап нысанды жабу туралы шешім шыққан. Ата-аналар балабақша апаттық деп танылып, жабылатынын бір күн бұрын ғана білген. Енді олар балаларын қайда апарарын білмей дал.

ИННА ХИСМАТУЛЛИНА, АТА-АНА:

Қазір ата-аналардың көбі балаларын жеке меншік балабақшаға беруге тура келіп жатыр. Оның ақысы екі есе қымбат. Қиын болса да басқа амал жоқ. Өйткені жұмысын тастап кете алмайды. Бізге алдын ала хабарланбады. Әйтпесе, бір амалын табуға болар еді.

ИГОРЬ СОЛОХА, АТА-АНА:

Бізге бір айға жабылады деп ескертті. Бірақ толық жұмысын тоқтатады деп кеше ғана айтып отыр. Педагогикалық ұжым да енді қайда барарын білмейді. Сондықтан біз барлығын сақтап қалуды талап етеміз.

Құзырлы орган тозығы жеткен балабақша бұзылмайтынын хабарлады. Ескі ғимарат күрделі жөндеуден өтеді екен. Аталған білім мекемесінде 100-ге жуық бала тәрбиеленіп жатыр.

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Техникалық тексеріс жүргізіледі ол балабақшада. Оның нәтижесінде қандай іс шаралардың жүргізілетінін шешілетін болады. Осы аралықта балаларды жақын аралықтағы балабақшаларға жіберіледі. Ал мамандарға жұмыс табуға жәрдемдеседі.