Таразда «Психология NEXT: Жасанды интеллект дәуіріндегі адам психикасы» тақырыбында өңірлік конгресі өтті. Іс-шараны «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты мен Тараз қалалық отбасын қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастыруда. Бас қосуға ЖОО ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, денсаулық сақтау және құқық қорғау саласының мамандары қатысты. Олар балалар мен жастардың психикалық саулығын нығайтуға бағытталған тиімді механизмдерді дамыту және кәсіби қауымдастықты біріктіру жолында баяндамалар оқыды. Жиында мектеп психологтарының өзекті мәселелері, жасанды интеллекттің психологияға әсері, буллинг, эмоционалдық тұрақтылық және ата-ана–бала қарым-қатынасы талқыланды. Отбасылық құндылықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, аналардың психологиялық жай-күйі және ұлттық менталитеттің әсері кеңінен сөз болды. Қоғамдағы стресс деңгейі, әлеуметтік желілердің психикаға әсері, эмоционалдық интеллект және психологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланады. Панельдік сессиялар бойынша ұсыныстар таныстырылып, конгресс резолюциясы қабылданады. Сондай-ақ үздік мамандар марапатталады. Іс-шараның мақсаты – өңірдегі психолог мамандардың кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Ең бастысы болашағымыз балалардың психолгиялық тұрақтылық пен отбасы құндылықтары қатыр жүретін болады.
АЙМАН ӘШІМОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Аманат» партиясы әйелдер бағыты 10 бағыт бойынша жұмыс істейді. Соның бір бағыты психологиялық яғни әйелдермен бірге жұмыс жасау, осы психолгияны дамыту, отбасы құндылықтарын дамыту. Отбасындағы жауапкершілік әйелдің даналығымен азаматтардың үлкен жауапкершілігіне байланысты. Өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие беру үшін біз осы психолгия мен ұлттық құндылықтарымызды біріктіріп отырмыз.