Талдықорған қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірген өрескел заң бұзушылықтың жолын кесті. Қонаев көшесін патрульдеу барысында тәртіп сақшылары CHANGAN EADO автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлікті басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғынның көлік жүргізу құқығы жоқ екені анықталды. Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижесі оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Сондай-ақ көлік иесінің жүргізуші куәлігі жоқ азаматқа көлікті басқаруға бергені анықталды. Бұдан бөлек, көлік иесінің өзі де алкогольдік масаң күйде болған. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік материалдар рәсімделді. Көлік жүргізу құқығы жоқ күйде масаң жағдайда автокөлік басқарған 18 жастағы азаматқа 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасы көзделген. Ал көлік иесіне көлік құралын жүргізуші куәлігі жоқ әрі масаң күйдегі адамға басқаруға бергені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамау және 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.