БҚО-дағы жазғы демалыс лагерьлеріне бұрын сотталған азаматтар жұмысқа алынған

Оралда балалардың жазғы демалыс лагерьлеріне бұрын сотталған азаматтар жұмысқа алынған.

Олардың бұл әрекетін жылдағы тексеру кезінде тәртіп сақшылары анықтапты. Облыстық білім басқармасының тізімін талдаған полиция 13 адамның бұрын істі болғанына көз жеткізген. Олардың сегізі сотталған, қалғаны әкімшілік жауапқа тартылыпты.

ӘЛІШЕР ӨТЕГЕНОВ, БҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Біз жазғы демалыс лагерьлері ашылғанша бәрін тексердік. Яғни, қызметкерлердің қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылғанын анықтаймыз. Осылайша бұл азаматтардың жұмысқа орналасуына жол бермедік.