Елордада көшеге қоқыс тастаған азаматтар 446 миллион теңге айыппұл төледі

Астанада қоғамдық орындарды ластап, тазалық ережелерін бұзған 45 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Қалалық басқарманың мәліметінше, өткен жылы қоғамдық орындарға қоқыс тастаған 13 мыңнан астам тұрғынға 446 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Ал қаланы абаттандыру ережесін бұзған 32 мыңға жуық адам 53 миллион теңгеден астам төледі. Бұдан бөлек, көліктен қоқыс лақтырған 40-тан астам жүргізуші 11 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалады.