АҚШ Мемлекеттік Хатшысы: «Иранның жаңа басшысын да өлтіреміз»

Бұлай жалғаса берсе, Иранның жаңа басшысын да өлтіреміз. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Конгресс төріне шығып алып, осылай деп сес көрсетті. Оның айтуынша, Иран тек Америкаға ғана емес, бүкіл әлемге зиянын тигізгісі келіп отыр. Бірақ, АҚШ халық қалаулылары Марко Рубионы сұрақ астына алып, бүкіл Трамп әкімшілігін алаяқ деп айыптады. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Сендер қай беттеріңмен Конгресске барлығы керемет деп өтірік айтасыңдар? АҚШ Конгрессі Трамп әкімшілігіне осылай деп шүйлікті. Сенаторлар мемлекеттік хатшы Марко Рубионы сұрақ астына алып, жалпы Трамп әкімшілігін алаяқсыңдар деп айыптады.

ДЖИН ШАХИН, АҚШ КОНГРЕССІ СЕНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Халқымызға Гавана, Каракас, Тегерандағы режимнің ауысқаны қызы емес. Оларға азық-түлік, жанармай бағасының өскені соққы болып тиді. Ал, сендер Иранда 13 америкалық сарбаздың өмірін қидыңдар. Одан не таптыңдар? Иран ядролық қару жасауды тоқтатты ма әлде Ормуз бұғазын босатты ма? Жоқ. Босқа Пэтриот кешендерінің зымырандарының жартысын ысырап қалдыңдар? Рубио, мырза, сіз өзіңіз Сенатта отырғанда бұндай емес едіңіз. Енді алаяқтардың қатарынан көрініп отырсыз.

Рубио болса, шегінетін емес. Оның айтуынша, әкімшілік еш шегінбейді әрі бар ісін соңына дейін жеткізеді.

МАРКО РУБИО, АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Конгресс алаңдаушылығын түсінеміз. Сұрақтарыңыз орынды. Бірақ, біз мұнеың барлығын Америка халқының кемел келешегі үшін еліміздің Ұлттық қауіпсіздігі үшін жасап отырмыз. Иран ядролық қару жасап үлгерсе, оған ешкім ештеңе істей алмайды. Осы қарапайым нәрсені де көпшіліктің түсінгені жөн.

Мемлекеттік хатшы мұнымен тоқтап қалмады. Тіпті, Иранның жаңа басшысы Моджтаба Хаменеиді де өлтіреміз, - деп айды аспаннан шығарды.

МАРКО РУБИО, АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Дегенмен, бізді не үшін айыптайтындарыңызды түсіне алар емеспін. Иран қазір халықаралық суды бұғаттап, нағыз бетсіздік көрсетіп отыр. Оның үстіне, бірде келісеміз, бірде келіспейміз деген сусымалы жауаптарынан шаршадық. Олармен енді не деп сөйлесеміз. Иранның жаңа басшысы бара-бара күш алып жатқандыңын естідік. Біз оған да жол бере алмаймыз. Моджтаба Хаменеидің күшін жою басым бағыттың бірі болуы мүмкін.

Ал, Франция Президенті саясатқа мүлдем қызықпайтындай. Бар ойы келер Әлем Чемпионатында. Эммануэль Макрон Ұлттық Құраманың оқу-жаттығу базасына барып, ойыншылармен кездесті. Франция басшысы Дидье Дешам шәкірттеріне үшінші рет қатарынан финалға жету қажеттігіне, тіпті, араға бір мундиаль сала чемпион болу керектігіне баса назар аударды. Ал, бірінші леди Бриджит Макрон болса, Киллиан Мбаппенің қасынан шығар емес.