Алматы облысында 3000-нан астам тұрғын ыстық сусыз қалды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2026

Алматы облысындағы Бесағаш ауылында 3 мыңнан аса тұрғын ыстық сусыз қалды. Ірі өрттен кейін тұрғын үй кешенін жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп келген жалғыз жылу нысаны әлі күнге дейін толық қалпына келтірілмеген. Енді ауыл тұрғындары әкімдіктің әрекетсіздігінен қыста жылусыз қаламыз ба деп алаңдайды.

Өрт былтыр желтоқсан болған. Кейін әкімдік қазандық жабдығын толық ауыстырамыз деп уәде берген. Бірақ арада жарты жылдан астам уақыт өтсе де, нысан әлі апаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өткен айда қазандықтың істен шығуы мыңнан астам пәтерді ыстық сусыз қалдырды. Енді тұрғындар алдағы қыста тек ыстық судан емес, жылудан да айырылып қаламыз ба деп қауіптенеді.

ХАЛЕЛ ТОЛЫМБЕКОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мынау өртеніп кетті, бұл жерде контрольный дежурный деген болып тұру керек. Күнделікті контролль жасап тұру керек. Міне ондай адам жоқ. Қазір өзім де жуынуым керек. Бала-шағам бар, немерелерім бар. Қазір қатты қиналып кеттік. Сол бір насос неге табылмайды.

МЕРУЕРТ СОВЕТ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Біз 12-ші этаж, бұл жерде бір блокта 45-46 квартира бар. Әрқайсысы боллер қоятын болса онда свет мәселесі не болады?

Тұрғындардың айтуынша, әкімдік жабдықты толық ауыстыруға қаржының жеткіліксіз екенін алға тартады. Ал қызмет көрсетуші компания қазандықты қалпына келтіру жұмыстарының әлі де жалғасып жатыр дейді.

АНАР АБИТАЕВА, «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖЫЛУ» МЕКЕМЕСІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда біздің аудандық әкімшілік пен біздің «Алматы обл жылу» тарапынан және «Боран Боллер» жауапкершілігіі шектеулі серіктестіктің тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа құрылғыларға тапсырыс берілді. Жеткізіліу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда тұрғын үй кешені қайта жөндеуден өткен құрылғымен су беріліп жатыр. Жаңа құрылғылар келіп, орнатылғанаға дейін осы қайта өңделген құрылғымен жұмыс атқарылады.

Жаңа жабдықты орнату мерзімі әлі нақтыланбаған. Сондықтан тұрғындар алдағы қысқа алаңдап отыр. Олар коммуналдық түйткілдер суық түскенге дейін шешімін табады деп үміттенеді.