Балқаш қаласында тұңғыш индустриалды - туристік аймақ ашылды. 14 гектар жерге заманауи демалыс кешені салынып жатыр. Қалада туризмді дамыту мақсатында көл жағалаулары мен жолдар толық жаңартылып жатыр. Балқаш 19-ыншы және 20-сыншы маусымда өтетін Balkhash Tour Fest республикалық фестиваліне дайындалуда. Былтыр 50 мыңнан астам адам жинаған фестиваль биыл рекод орнатады деп күтілуде. Балқаш әуежайы Астана мен Алматыдан алғашқы рейстерді қабылдай бастады.
Енді туристер Қарағанды облысының курорттық аймағына бар болғаны 16 мың теңгемен 1 сағатта жете алады. Әуежайды жаңғыртуға қаражаттың 90 пайызы республикалық бюджеттен бөлінді, оның бір бөлігі – қайтарылған активтер. Ал инстриалды аймақ туристік жобалар жүзеге асырылатын бірегей орта. Қазір мұнда Premium Villa Balkhash туристік кешені салынып жатыр. Ол еуропалық стильдегі 23 барнхаус және ұлттық колоритті 21 киіз үйден тұрады.
ЖАҚСЫКЕЛДІ ИМАНБЕКОВ, ИНВЕСТОР:
Бизнес пен біздің үкімет командный жұмыс істеп үйреніп қалдық шыны керек. Жаңағы жерді берді біз соны тез игеріп, іске айналдырып налог төлеп, халыққа жұмыс беріп сондай тандемде жұмыс істер жатыриыз деп ойлаймын, өте жақсы.
Жағалауға әлі де жаңа инвесторлар тартылмақ. Бүгінде Балқашта екі демалыс аймағы мен қонақ үйдің құрылысы аяқталды. Тағы үш туристік жоба іске асырылуда. Кәсіпкерлерге шығын сомасының 10% -ы қайтарылады.
ИРИНА ЛЮБАРСКАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Инфрақұрылымның салынуы туризмді дамытады. Жаңа инвесторлардың келуі, жұмыс орындарының ашылуы, заман талабына сай демалыс орындары – бүгінгі күннің талабы. Жаңа тартылыс нүктесі болады деп ойлаймыз.
Тораңғылық пен Шұбартүбек ауылдарында да жағалаулар жөнделіп, қауіпсіздік күшейтіліп, санитарлық жағдайы жақсартылып жатыр. Балқаш қаласы Balkhash Tour Fest республикалық фестиваліне дайындалуда. Ашық аспан астында ойын-сауық, жұлдыздар концерті, спорттық жарыстар жоспарланып отыр.