Қазақстан алғаш рет боччадан Әлем кубогының кезеңі өтуде. «Astana 2026 World Boccia Cup» турнирі 9 маусымға дейін жалғсады. Әлемдік додаға 24 елден үздік 90 параспортшылар жиналды. Қазақстанның ұлттық бочча құрамасында 47-ден астам спортшы бар. Әлем кубогының елордадағы кезеңінде ел намысын 10 үздік атлет қорғайды. Бұл жарыста спортшылар әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайларды сарапқа салады. Сонымен қатар турнир алдағы Паралимпиада ойындарына жолдама алу жолындағы басты кезеңдердің бірі болмақ.
НАЗЫМ ЖАНҒАЗЫ, ҚР БОЧЧА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
Жалпы осы кубоктан кейін 2028 жылы Лос анджелесте өтетін жарысқа іріктеу өтеді. Біздің Қазақстан құрамадан 10 біздің параспортшымыз жатыр. Егерде олар жақсы көрсеткіш көрсететін болса олар іріктеуден өтіп, ары қарай 2028 жылы болатын Паралимпиадағат қатысуы әбден мүмкін.