ТЖМ қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді.
Астана қаласының Сарайшык ауданында Жүргенов көшесінде он қабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы балконда жеке заттардың жануы болып, от 8-қабат балконына ішінара таралған.
Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері өртті шағын аумақта жедел сөндіріп, жалынның пәтер ішіне таралуына жол бермеді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өздігінен эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарды көпқабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.