Қазақстан WIPO-ның Жаһандық инновациялық индексінде 81-орын алды

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2026

Қазақстан WIPO-ның Жаһандық инновациялық индексінде 81-орын алдыЕлдің көрсеткіші – 26,3 балл. Биыл рейтингке әлемнің 139 елі енді. 2024 жылы әлемде 2 миллионға жуық ғылыми мақала жарияланып, ғылыми зерттеулерге жұмсалған шығындар 2,9 пайызға артқан. Ал ғылым мен жаңа технологияларды дамытуға бағытталған корпоративтік инвестициялар 1,3 триллион долларға жетті. Батареялардың құны 20 пайызға төмендеп, «жасыл» суперкомпьютерлердің тиімділігі 60 пайыздан астам өскен. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан үшін ғылымды қолдау, инновациялық бизнесті дамыту және жаңа технологияларды өндіріске енгізу маңызды бағыт болып қала береді.