Бүгінде елімізде 2,5 миллионнан астам отандасымыз ынтымақты, базалық және жинақтаушы жүйеден тұрақты зейнетақы алып отыр. Үкімет бұл төлемдерді жыл сайын әлеуметтік көрсеткіштер мен инфляцияны ескере отырып, жоғарылатып отырады. Ардагерлер, тыл еңбеккерлері мен халықтың осал топтарын қамтитын азаматтардың 18 санаты арнаулы мемлекеттік жәрдемақымен қамтылған.
Бүгінде елімізде 2,5 миллионнан астам зейнеткер бар және олардың төлемдері жыл сайын инфляцияға сай индекстеліп отырады. Десе де, мемлекеттің басты мақсаты - бүгінгі ғана емес, ертеңгі зейнеткерлердің де болашағын қазірден бастап қауіпсіз ету. Көпшілік бүгінгі несие мен ипотеканы жабуды ойласа, Үкімет ертеңгі күні күнкөріс деңгейінің төмендеп кетпеуін алға тартады. Себебі, зейнетақы қоры - бүгінгі күннің әмияны емес, болашақтың кепілі.
БЛИЦ:
- Менің түсінгенім, адам уақытында мемлекетке қаншалықты көп жұмыс істесе, зейнетақысы да соншалықты көп болады екен. Осыдан да шешім шығаруға болады.
- Әркімнің жағдайына қарай ғой қазір. Мүмкін үй керек болған адамға мысалы алуға болады деп ойлаймын. Ал былай енді жинап кейін зейнетақысын алғаны да болатын сияқты.
Еңбек министрлігі мен қаржыгерлердің алаңдауына негіз жоқ емес. Соңғы 5 жылда отандастарымыз қордан 8 триллион теңгеге жуық ақшаны түрлі мақсатқа жұмсаған. Нәтижесінде, болашақ зейнетақының тым аз болу қаупі туындады. Қазіргі есеппен, ақшасын түгел алғандар ертең қартайғанда айына бар-жоғы 50 мың теңгемен қалып қоюы мүмкін. Бұл бүгінгі орташа жалақының 15 пайызына да жетпейді. Жауапты тұлғалар дәл осы үрдіске уақытылы тоқтау салу - мемлекеттің өз азаматтары алдындағы жауапкершілігі деп санайды.
МҰРАТ ШӘРІПОВ, "БЖЗҚ" АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Жаңа тәсілге сәйкес, жинақтарының бір бөлігін пайдаланғаннан кейін де оның шотында кемінде 40 пайыз зейнетақы алуға жететіндей сомма сақталуы тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей. Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану көптеген елдерде уақытша дағдарысқа қарсы шара ретінде тек шектеулі көлемде және айрықша жағдайларда ғана қолданылған. Мәселен, пандемия кезінде осындай тәсілдер пайдаланды.
Жаңа ереже экономиканың құбылмалы қалпына емес, адамның жас ерекшелігіне негізделген. Яғни, азаматтың жасы ұлғайған сайын, оның болашақ зейнетақысын қорғау талабы да күшейе береді. Экономистер бұл қадам қордағы қаржыны сақтап қана қоймай, оны ел экономикасына тиімді инвестициялауға мүмкіндік береді деп есептейді. Ең бастысы бүгін табысы аз азаматтарды ертең қартайғанда зейнетақысыз, мүлдем шарасыз қалдырмау.
САПАРБАЙ ЖОБАЕВ. ЭКОНОМИСТ:
Біріншіден, зейнетақы қоры ол біздің инвестициялық әлеуетіміз, ал екіншіден, халықты тапқа бөліну басталды. Үлкен мәселе бар, кімдікі өте аз. Оны енді үкімет өз жауапкершіліге алу керек. Дүниежүзінде солай. Мәселен екі-үш миллионнан артық жинамаған болса, ол екі-үш жылда бітіп қалады.
Талап күшейген жерде жүйенің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі сақталары заңдылық. Бүгінгі реформалар уақытша қиындық тудырғанымен, ертеңгі күні әрбір қазақстандықтың лайықты, ешкімге тәуелсіз және толыққанды зейнетақы алуына жасалған стратегиялық қадам. Өйткені, Әділетті Мемлекеттің ең басты құндылығы - адам және оның өмір бойғы әл-ауқаты.