Алматыда алғаш рет үш науқасқа роботтың көмегімен тегін операция жасалды

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2026

Алматыда төртінші Еуразиялық онкоурология форумы өтті. Халықаралық жиынға ТМД елдері, Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген жетекші мамандар қатысты. Жиында онкоурологиялық ауруларды емдеудің жаңа технологиялары, жасанды интеллект пен роботтандырылған хирургияның мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ алғаш рет Қазақстанда үш науқасқа роботтың көмегімен тегін операция жасалды. Мамандардың айтуынша, робот-ассистент операцияны жоғары дәлдікпен орындап, науқастың тезірек сауығуына мүмкіндік береді. Дәрігерлер мұндай технологиялар онкологиялық ауруларды емдеу сапасын арттырып, отандық медицинаның дамуына серпін беретінін атап өтті.

ЖЕТКЕРГЕН АРЗЫКҰЛОВ, ПРОФЕССОР:

Жыл сайын 3 мыңнан астам науқас тіркеледі. Қойылған мақсат оларды емдеп, сапалы емді ұйымдастырып, оларды өзінің жанұясына қайтару, өндіріске келтіру. Біздің қазақстандықтар шетелге бармау керек, сапалы дүниежүзілік деңгейдегі емді осы өзінің елінде алу керек. Енді осы робот бүгін бар. Енді жоспарларында олардың 5-6 робот алу.