+40 градус: күн ысиды

Фото: pixabay

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, екпінді және дауылды сипат алуы, сондай-ақ бұршақ түсуі күтіледі.

Нөсер жауын:

6–8 маусым күндері – елдің батысында;

6 маусымда – қиыр солтүстікте және оңтүстік-шығыста;

8 маусымда – солтүстік-батыста болжанады.

Кезеңнің басында елдің шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Күндіз ауа температурасы:

батыста +20…+30°С-қа дейін төмендейді;

солтүстікте +28…+35°С-қа дейін жоғарылайды;

орталықта +30…+38°С қатты ыстық күтіледі;

оңтүстікте +35…+40°С қатты ыстық болады;

оңтүстік-шығыста +30…+39°С қатты ыстық сақталады;

шығыста ауа температурасының негізгі фоны +30…+37°С аралығындағы қатты ыстық болады.