Түркістан облысында жұмыстан шығарылған мұғалім сот ғимаратында өзіне пышақ сұқты

Түркістан облысында жұмыстан шығарылған сот ғимаратында өзіне пышақ салды. Қарын тұсында қаны сорғалап отырған ер адам әлеуметтік желіде әділетсіздікке наразылығын айтып, үндеу жариялады.

Ордабасы аудандық сотынан әділдік сұрап келгем, мені заңсыз жұмыстан шығарып жіберген. 

Қазір ер адам аудандық ауруханада. Хирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы орташа деп бағалайды дәрігерлер. Видео авторларының сөзінше, ер адамның мұндай әрекетке баруына судьяның «сотты сыйламадың» деп шығарған шешімі себеп көрінеді.

Белгілі болғанындай,  өзінің қарын тұсына пышақ сұққан мұғалім Қасен Ерімбетовтің  24 жылдық еңбек өтілі бар. М.Х. Дулати атындағы жалпы білім беретін мектепте жұмыс істеген ұстазды биыл қаңтар айында мектептен шығарып жібергені айтылуда. Өз құқығын қорғамақ болған ер адам бірнеше рет еңбек инспекциясына жүгініпті. Алайда инспекциядағылар мектеп директорының әрекетін заңсыз деп тауып, мұғалімді қайтадан жұмысқа қабылдау туралы арнайы нұсқама берген. Бірақ соған қарамастан Ерімбетов жұмысына орала алмаған. Ақыр соңы бұл іс сотқа жеткен. Болған жағдайға байланысты Түркістан облыстық соты мен білім басқармасынан осы жағдайға қатысты  түсінік берулерін сұрап хабарласқанбыз. Әзірге қандай да бір жауап берілмеді.