ЖСН, телефон нөмірлері мен мекенжайлар: Коллекторлардан 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі бар база табылды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2026

Жеке сәйкестендіру номері, телефон нөмірі мен мекенжай. Коллекторлардан 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі бар база тәркіленді. Заңсыз әрекетті Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бірлесіп анықтаған. Базадан азаматтарды тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН-і және ұялы телефон нөмірі арқылы іздеуге мүмкіндік болған. Тергеу кезінде көп мөлшерде компьютерлік техника мен мобильді құрылғылар тәркіленді. Ұйымдастыру мен пайдалануға қатысы бар деп санаған үш адам ұсталды.

ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талдықорған қаласында коллекторлық агенттіктің қызметкерлері азаматтардың дербес деректерін қамтитын мамандандырылған ақпараттық жүйені заңсыз пайдаланған. Яғни Аталған деректер базасын ұйымдастыруға және пайдалануға қатысы бар үш адам ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.