Елге Пржевальский жылқыларының екінші тобы әкелінді

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні Қазақстанға Пржевальский жылқыларының екінші тобы әкелінді.

Жануарлар Пржевальский жылқысының популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жоба аясында Қостанай қаласының халықаралық әуежайына арнайы әуе рейсімен жеткізілді. Қажетті ветеринариялық процедуралардан өткеннен кейін, жылқылар арнайы көлікпен «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының Реинтродукция орталығына жіберілді. Онда олар мамандардың бақылауымен бейімделу кезеңінен өтеді.