Қазақстан алты алтын медаль жеңіп алды

Фото: ҰОК

Түркістанда байдарка мен каноэде есуден жастар (U23) және жасөспірімдер (U18) арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. 

Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды. Оның алтауы — алтын, алтауы — күміс және біреуі — қола жүлде.

U23 санаты

Алтын медаль иегерлері: Стелла Суханова (байдарка-бірлік, 1000 метр), Дмитрий Холмогоров (байдарка-бірлік, 1000 метр), Сұлтан Шарапиев (каноэ-бірлік, 200 метр), Стелла Суханова (байдарка-бірлік, 200 метр)

Күміс жүлдегерлер: Полат Төребеков (каноэ-бірлік, 1000 метр), Мария Бровкова (каноэ-бірлік, 1000 метр), Ульяна Киселёва (каноэ-бірлік, 200 метр)

U18 санаты

Алтын медаль иегерлері: Тимофей Таранов (байдарка-бірлік, 200 метр), Эвелина Костенко (байдарка-бірлік, 200 метр)

Күміс жүлдегерлер: Богдан Носиков (каноэ-бірлік, 1000 метр), Тимофей Таранов (байдарка-бірлік, 1000 метр), Ксения Сломинская (каноэ-бірлік, 200 метр)

Қола жүлдегер: Анна Емельяненко (байдарка-бірлік, 1000 метр)

Айта кетейік, құрлық біріншілігі 7 маусымға дейін жалғасады.