Елордалық құтқарушылар өрт кезінде 2 газ баллонын алып шықты

ТЖМ

Астана қаласының Есіл ауданындағы «Авиатор» бау-бақша қоғамының аумағында саяжай үйі өртенді.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері жанып жатқан құрылыстан екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, өрттің таралуына жол бермей, қысқа уақыт ішінде оны толық сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.