Алакөл көлінде демалушыларға көмек көрсетілді

ТЖМ

Жетісу облысы Ақши ауылы маңында Алакөл көлінде құтқарушылар қиын жағдайға тап болған екі демалушыға көмек көрсетті.

Гидроциклдің техникалық ақауына байланысты олар өз бетімен жағаға жете алмай, шамамен бір шақырым қашықтықта қалған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, азаматтарды жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын еске салады.