Жекелеген интернет-ресурстардағы уақытша іркілістер магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдалуына байланысты болған. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.
«Қазақтелеком» компаниясы құрылыс жұмыстары кезінде техника халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдағанын мәлімдеді.
Мамандар трафикті шұғыл түрде резервтік арналарға ауыстырып, байланыстың толық өшіп қалуына жол бермеді.