Қазақы тазы Италия чемпионы атанды

Фото: nomad_nhc

Италияда өткен беделді халықаралық кинологиялық көрмеде қазақы тазы тұқымының өкілдері жүлделі орындарға ие болды.

Көрме қорытындысы бойынша Кербез үздік деп танылып, Италия чемпионы атанды. Ал Сарбаз екінші орын иеленді.

Мамандардың пікірінше, бұл жетістік қазақы тазының халықаралық деңгейдегі беделінің артып келе жатқанын көрсетеді.