Қызылордада 6 жастағы қыздың денесі «Әйтек» су торабынан табылды

Қызылордада 6 жастағы қыздың денесі «Әйтек» су торабынан табылды. Ол 5 маусым күні шамамен сағат 18:30-да үйінен ойнап жүріп шығып кеткен. Соңғы рет бейнебақылау камерасына Сырдария өзеніне бет алып бара жатқаны түсіп қалған. Осыдан соң барлық күштік құрылымдар мен еріктілер, төтенше жағдай мамандары суды сүзіп шықты. Тік ұшақпен әуеден бақыласа, кинологтар айналаны түгел тінтіді. 7 маусым күні «Әйтек» су торабынан төмен қарай 30 шақырым жерден қыздың денесі сыртқа шығарылды.  Мамандар денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін айтады.

БЕКБОЛАТ ӘБДІҚАДІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Су бетінде ешқандай жарақат анықталмаған. ІІД-не қызметкерлеріне қыздың денесі берілген болатын. Жыл басынан бізде 6 бала, осы қызбен 7 бала суға кетті. Олар су шомылу кезінде емес, осындай оқыс оқиғалардың нәтижесінде.