Қызылжарда туған анасын пышақтағаған әйел сотталды

Қызылжарда туған анасын пышақтағаған әйел сотталды. Еске салайық, оқиға былтырғы жылдың қазан айында Заречный кентінде болған. Анасы мен қызы қаражатқа қатысты келісімге келе алмай,  жанжалдасып қалса керек. Ізінше 34 жастағы әйел анасының кеудесіне пышақ сұққан. Жәбірленуші бірден үйден шығып, таныстарына қарай бет алды. Алайда, аялдамада есінен танып қалды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем науқасты ажал аузынан құтқарып қала алмады. Ауыр жарақаттың салдарынан 57 жастағы нәзік жанды сол жерде бақилық болды. Бірнеше айға созылған сот процессінің нәтижесінде сот күдіктіні кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыскердің артынан кәмелетке толмаған ұл баласы қалды.