"Елімізде автоөнеркәсіп саласының үлесі 40 пайызға артқан", - автокөлік одағы

Елімізде автоөнеркәсіп саласының үлесі 40 пайызға артқан. Нәтижесінде 11 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы қазақстанның автокөлік одағының өкілі Дархан Айдаулов  мәлімдеді. Ол салаға тартылған инвестиция көлемі де  200 млрд  теңгеге дейін ұлғайғанын хабарлады. Бұдан бөлек, автоөнеркәсіп саласында утиль алымға қатысты ешқандай басымдық берілмегенін айтты. Себебі отандық көліктерге аталған салық қосылмайды.

ДАРХАН АЙДАУЛОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК ОДАҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Отандық автокөліктер осы утильалымнан ешқандай пайда көрмейді. Елімізде жұмыс жасап келе жатқан 11 зауыттың бірде-біреуі утильалым қаражаты есебінен салынбаған. Инвестиция алу эөнінен тартылмаған.