"Мамандық таңдауда ата-аналар да, оқушылар да есті бола бастады" - сарапшы

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2026

Биыл бакалавр санатындағы түлектерге 75 мың грант бөлінген. Ал  мектеп бітірген оқушылар саны одан 3 есе көп. Бірақ грант алып тегін оқысам жеткілікті деп, қызығушылығын екінші орынға қоятындар да бар. Жүздеген мамандық пен мыңдаған білім беру бағдарламасының арасынан дұрыс таңдау жасауға қиналады. Ал мұндайда профориентологтар көмектеседі.

Иә, мамандық таңдауға да маман керек. Бұрын мектеп түлектерінің басым бөлігі ата-анасының кеңесімен немесе оқу орнының беделіне қарап таңдау жасайтын. Ал қазір еңбек нарығы жылдам өзгеріп жатыр. Бір  мамандық сұранысын жоғалтса, бір кәсіп пайда болады. Сондықтан мектепті тәмамдап, болашағын бағамдаған талапкерлер профориентологтарға сенім артады. Елде оқып, шетелде білім алуды жалғастырып жүргендер де бар.

АРУЖАН ҚАЙРАТ, СТУДЕНТ:

Мен бакалаврды Алматыдағы университетте қонақүй және мейрамхана бизнесі бойынша оқыған болатынмын. Қазір мен Erasmus Mundus бағдарламасы бойынша оқып жатырмын. Яғни, бірінші семестрім Испанияда, екінші семестрім Францияда өтті. Қазір мен тағылымдамадан, яғни тәжірибеден өтіп жатырмын. Ол үшін мен Италияны таңдаған болатынмын. Үшінші семестрім Португалияда өтетін болады.

Еңбек нарығы өзгерген сайын ересектер де жаңа кәсіп игеріп, қызмет бағытын ауыстырып жатыр. Кеше заңгер болған адам бүгін IT саласына бет бұрса, мұғалім маркетингті меңгеріп, жаңа мансап бастауы мүмкін. Мұндай жағдайда адамның қабілеті мен қызығушылығын дұрыс анықтау бұрынғыдан да маңызды бола түсті.

ДИНАРА ОСПАНОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРОФОРИЕНТАТОРЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕСІ:

Оқушының ата анасы 46 жастағы азамат өзінің мамандығын таңдауға келген еді. Қазіргі кезде оқушы да, ата ана да есті бола бастады. Яғни оқушы 4 жыл оқуын жайдан жай оқып уақытын жұмсамас үшін біржен профориентологтарға  көп жүгініп жатыр.

Қазір аз баллмен де грантқа түсіремін дейтін грант эксперттері бар. Олар шекті баллдан асқан талапкердің бағыты мен бағдарын саралап, қажеті мен қалауына қарай жоғары оқу орнын таңдап береді. Сонымен бірге, өткен жылы еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілген еді.

ТОЛҚЫН ИЗМАХАН, ПРОФОРИЕНТОЛОГ:

Ол кісілер осылай тест алады. Олардың қызығушылығын байқайды. Сосын Университетке осы 4 мамандық таңдау кезінде қандай университеттерді таңдау керек, қандай мамандықты  қалай көрсету керек, бір мамандықты бірнеше рет жазуға бола ма? Деген жағынан көмектесіп жатқан.

Алдағы оқу жылыны гранттарын бөлуде инженерлік, IT, аграрлық, педагогикалық және жаратылыстану бағыттарына басымдық берілген. Атап айтқанда, мемлекеттік гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы мамандықтарына бағытталған.