Теміртауда бесқабатты тұрғын үйдегі өрттер 13 адам құтқарылды

Теміртауда бесқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бірінші қабатында қоқыс пен кіреберістегі екі есік блогы қызыл жалынға оранған. Құтқарушылар 13 адамды эвакуациялады. Оның 7- еуі бала.

Подъездегі түтіннен тұрғындар сыртқа шыға алмай қалған. Оқиға орнына жедел жеткен төтеншелік мамандар құтқару қалпақтарының көмегімен оларды сыртқа алып шықты. Өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталуда.