Қазақстанда балаларға арналған ойын автоматтарының жұмысын реттейтін заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті.
— Қолданыстағы заңнама мұндай автоматтардың жұмысы нақты реттемеген. Жақын арада жаңа заңнамалық түзетулерді таныстыру жоспарланып отыр», — деді Е. Мырзабосынов Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта «кран» түріндегі ойын автоматтары ешбір мемлекеттік органның жауапкершілігіне жатпайды.
— Сондықтан осы автоматтарды қадағалайтын өкілетті орган айқындалады, — деді ведомство басшысы.