Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Үлкен Алматы көлі тазартылды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2026

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында табиғатты қорғауға бағытталған кезекті шара өтті. Ионосфера институты мен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен өткен экологиялық акция Үлкен Алматы көлі аумағында жүзеге асырылды. Іс-шараға Ионосфера институтының қызметкерлері мен Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының белсенділері қатысты. Көл маңын 50-ден астам қап қоқыс жинады. Қалдықтардың басым бөлігін туристер мен демалушылар қалдырған тұрмыстық қоқыс құраған. Ұйымдастырушылар Үлкен Алматы көлі табиғи көрікті орын ғана емес, мегаполисті ауыз сумен қамтамасыз ететін маңызды нысан екенін атап өтті.

БЕРІК ИСКАКОВ, ИОНОСФЕРА ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің ел басымыздың бастауымен «Таза Қазақстан» акциясын институты Ионосфера болып біз де өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл енді жас ұрпақты таза ұстауға және табиғатты аялауға өз үлесін қосады деген ойдамыз.