Түркістанда бір жастағы бала даладағы әжетханаға түсіп кетті

Фото: Usolie.info

Түркістан облысының Темірлан ауылында 1 жастағы бала жеке үйдің ауласындағы дала әжетханасына құлап кеткен. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел түрде жіберілді.

Құтқарушылар баланы абайлап шығарып алып, жедел жәрдем мамандарына тапсырды.

Министрлік ата-аналар мен ересектерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.