Семейде алтын бұйымдарды қолды қылған күдікті ұсталды.
Семейде полицияға 43 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, үйінен қонақтар кеткеннен кейін залдағы сандықшада тұрған алтын бұйымдардың жоғалғанын байқаған. Ұрланған заттар қатарында — алтын сырға, білезік және жүзік бар. Келтірілген шығын мөлшері млн теңгеден асқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні, қаланың 46 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Ұрланған зергерлік бұйымдар тәркіленді. Оқиға орнынан саусақ іздері алынып, фототүсірілім жүргізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейін тергеу басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық шара ретінде келу туралы міндеттеме қолданылды.