Шомылу маусымы басталғалы 10 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2026

Иа, ескертуді елеп жатқандар аз. Шомылу маусымы басталғалы 10 адам қаза тапты. Оның жетеуі - бала. Ал өткен жылы суға кету салдарынан 125 адамның өмірі қиылған. Мамандардың айтуынша, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған орындарда тіркеледі. Елімізде 50 мыңға жуық су айдыны болғанымен, олардың тек 733-і ғана шомылуға рұқсат етілген.  Биылдың өзінде ережені бұзғандарға 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

ӘСЕТ ЖЫЛҚАЙДАРОВ, ҚР ТЖМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2026 жылға 265 әкімшілік хаттама толтырылды. 2025 жылмен салыстырғанда ол аз ой көп. Адамдардың қаза болуына негізінен жүзе алмауы, өз мүмкіндігін дұрыс бағаламауы, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруы және демалыс кезінде алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде суға түсуі себеп болып отыр.