Алматыда көлік жүргізушісі 5 адамды қағып кетті

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2026

Алматыда көлік жүргізушісі 5 адамды қағып кетті. Оңтүстік бағытта келе жатқан Audi 80 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде тұрған жаяу жүргіншілерді соғып өткен. Куәгерлердің сөзінше, жолда көлік кенет тоқтап қалған. Жанындағылардың көмегімен оны итеріп жүргізгенде жүргізуші тізгінге ие бола алмай алға ұмтылып, жол жиегіндегі адамдарды қағып, кейін шағын автобусқа соғылған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Audi маркалы автокөлігін тізгіндеген ер азамат тізгінге ие бола алмай, нәтижесінде жолдың шетінде тұрған 5 жүргіншіні қағады. Содан кейін жолдың шетінде қаңтарылып тұрған екі автокөлікті соғады. Нәтижесінде 5 адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген болатын. Осы оқиғаға әкеп соқтырған себеп-салдарлар, мән-жайлар міндетті түрде тергеу барысында анықталатын болады. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.