Алматыдағы оқу-жаттығуда граната мерзімінен бұрын жарылды

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2026

Алматыда жоспарлы оқу-жаттығу кезінде жарық-дыбыстық граната мерзімінен бұрын жарылды. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алған. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, зардап шеккен қызметкерлерге оқиға орнында дереу медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ведомство әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат көздерінде тараған 15 қызметкердің зардап шеккені немесе олардың ауыр жағдайда екені туралы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Техникалық сипаттағы оқиғаға жақын орналасқан қызметкерлерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша қызметтік тексеру басталды. Десек те кейбір ақпарат көздерінде, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратылуда. Зардап шеккендердің саны көп болуы жайлы. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Барлық азаматтардың тек ресми  дерек көздерден алынған мәліметтерге құлақ салуды, сүйенуді  кеңес беріп отырмыз. Өйткені жалған ақпарат тарату бойынша жуапкершіліктің көзделгенін еске саламыз.