Елордада «Болашақ ойындарының» іріктеу турнирі басталды

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2026

Елордада онлайн және оффлайн футболдан халықаралық Фиджитал Контендерс байрақты бәсеке басталды. Бұл Болашақ ойындарының іріктеу турнирі саналады. 16 елден жиналған командалар ойын консольдарында 5-ке 5 форматында матчты бастап, артынша мини-футбол ережелеріне сәйкес бақ сынасады. Бұл турнирдің ерекшелігі командалардың джойстик арқылы тіркелген есебі тоқтап қалмайды. Сол есеппен командалар ары қарай жасыл алаңда өзара мықтыны анықтайды. Іріктеу турнирінде баскетбол және биден де бәсекелер өтуде.

ДЖОН ХЬЮИТ, «PHYGITAL INTERNATIONAL» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ДИРЕКТОРЫ:

Осы бастама арқылы біз болашақты тағы бір қадам жақындаттық десек болады. Бұл – келесі ұрпақтың Олимпиадасы деуге болады. Себебі, стратегия, жаңа технологиялар спорт және инновацияларды ұштастыра білдік.

ТИМУР ТУРАҚҰЛОВ, ҚАТЫСУШЫ (ӨЗБЕКСТАН):

Мен былтыр ғана кәсіби мансабымды аяқтадым. Өзбекстанның мини-футбол клубтарында ойнадым. Бұл турнирде негізінен осал қарсылас жоқ. Консольды да жаман ойнамаймын. Алайда, бұл жерде де командалық сын болған соң, ерекше әзірлікті қажет етеді.