Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде "жоғары жалақы", "жеңіл табыс" деген ұсыныстармен түрлі хабарландырулар таралады. Бір қарағанда мұндай ұсыныстар қызық көрінуі мүмкін. Алайда шындық басқаша: көп жағдайда мұндай хабарландырулардың артында есірткі тасымалдау, сақтау және таратуға байланысты ауыр қылмыстар тұрады.
Есірткі бизнесі — жеңіл табыс табу құралы емес, ол қылмыстық жауапкершілікке және өмірдің күйрететін жол.
Полиция келесі маңызды ережені сақтауды ұсынады:
— Күмәнді жұмыс ұсыныстарына ешқашан келіспеңіз. Бұл қауіп туралы достарыңыз бен жақындарыңызға ескертіңіз — олардың қауіпсіздігі де сізге байланысты;
— Заңды жұмыс орындарын және сенімді табыс көздерін таңдаңыз. Жеңіл жолмен табыс табуға ұмтылу ауыр салдарға әкелуі мүмкін;
— Бейтаныс адамдардан келген хабарламаларға және күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз. Күмән туған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгініңіз;
Өз болашағыңызды, еркіндігіңізді және беделіңізді бір сәттік пайда үшін құрбан етпеңіз. Интернеттегі "жеңіл ақша" ауыр өмірлік салдарға және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.