Италияда Қазақстан азаматы қаза тапты - СІМ түсініктеме берді

Фото: 24.kz

Ер адамның денесі 9 маусымда таңертең Бриатико қаласының жағалауындағы жартастар арасынан табылды.

Қаза болған адамның жеке басына қатысты мәліметтер ресми түрде жарияланған жоқ. Оқиғаға байланысты ҚР СІМ түсініктеме берді.

— Қазақстанның Италиядағы елшілігі мен Италияның құзыретті органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.