Атырауда С.Сәрсемәлиевке қатысты сот отырысында мәйіттерді анықтау барысындағы жантүршігерлік видеолар көрсетілді

Атырауда бір отбасының төрт бірдей мүшесін қырып салды деп айып тағылған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотқа жәбірленуші тарап өкілдері қатыспады. Олар Наурыз бен Мейрамгүлдің 100 күндік қадесіне дайындалу үшін судьядан рұқсат  сұранған. Бүгін марқұмдарды тану және мәйіттерді анықтау  барысындағы жантүршігерлік видеолар көрсетілді. Топырақ астында ұзақ жатып, шіруге айналған мәйіттерге қарау мүмкін емес. Мәселен, Нәсіп Мұқанғалиеваның денесінің 9 жерінен кесілген және тесілген жарақаттар анықталған.  Кейбірінің мүрдесінен зақымдануларды анықтау мүлдем мүмкін болмапты.

ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қарабалин Мақсот пен Өтешқалиева Нәсіптің мүрдесіне 2 айдан астам уақыттан кейін қарау жүргізілген. Ал Мұқанғалиев Наурыздың мүрдесіне 10 айдан кейін қарау жүргізілген.  Мүрделерді табу бейнежазбасын  алдын ала қарай алмаймыз. Себебі ол  Сәрсемәлиевтің  оқиға болған жерді тексеруді нақылау  тергеу әрекеті. Аталған бейнежазба Сәрсемәлиевтің  өзі сотта жауап бергеннен кейін  қаралады.

СҰЛТАН СӘРСЕМӘЛИЕВ, СОТТАЛУШЫ:

Төбелес барысында мен өзім күшім жетпейтінін сезіп,  Мұқанғалиев Наурызға пышақ жарақатын салдым.  Сол кеште үйдің маңына  жерлеуді ұйғардым және соны жасадым. 2025 жылдың қараша айының 5і  күні Мейрамгүл, яғни менің әйелімнің апасын  әйеліммен бірге және кішкене қызыммен бірге сол үйге әкеліп, + оған да пышақ жарақатын салдым сол үйде.  Ас бөлмесінде. Сол жерде оны кілемге орап,  Мұқанғалиев Наурыздың мүрдесінің үстіне көмдім.

Сот отырысында Сәрсемәлиевтің адвокаты   жауап алуды  келесі аптаға қалдыруды сұрады. Бірақ тергеу барысында алған жауабы көрсетілді. Онда сотталушы бұрынғы қайын апасы Мейрамгүлді әйелі мен қызы ұйықтап жатқан кезде өлтіргенін айтады.