Елордада қауіпті маневр жасаған жүргізуші ұсталды

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2026

Елордада жол ережесін өрескел бұзып, оны әлеуметтік желіде мақтанышпен жариялаған 20 жастағы жүргізуші ұсталды. «Toyota» маркалы автокөлікті тізгіндеген жас жігіт Қошқарбаев көшесіндегі көпір үстінде қауіпті маневр жасап, қауіпсіздік аралшығы арқылы өтіп кеткен. Ол заңға қайшы әрекетін ұялы телефонға түсіріп, бейнежазбаны әлеуметтік желіге өзі жүктеген. Бейнежазба негізінде жүргізуші анықталып, жауапқа тартылды.

ЗУХРА РЫСҚАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру қағидаларын бұзғаны және көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартты.

Бұдан бөлек, ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де жауапқа тартылды. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.