Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде 7,6 млн теңге қолды болған. Жәбірленушінің салғырттығын пайдаланған күдіктілер қомақты қаржыны жасырын түрде жымқырған. Бірақ жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталып, дер кезінде ұсталды. Олар өз кінәларын мойындаған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Көліктегі полиция департаменті азаматтарды сапар барысында қырағылық танытуға шақырады. Жеке заттарды, құжаттар мен ақшалай қаражатты қараусыз қалдырмау, бөгде адамдарға сеніп тапсырмау және бағалы бұйымдарды үнемі бақылауда ұстау – мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жолы.