Баяғы Трамп қайта оралды. Күні кеше Иранға кек қайтарып соққы жасаған, АҚШ Президенті шабуылды үдете түсемін, - дейді. Ақ үй басшысы Иранның келіссөздерді созып жатқанына наразы. Өз халқына Трамп сәл шыдауға кеңес берді. Айтуынша, Ирандағы соғыс аяқтала сала, бағалар тұрақталып қана қоймай, америкалықтар пайдаға кенеледі-міс. Шартараптағы басты оқиғаларды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Бітімгер, бейбіт Трамп көпшілікті мінезі жұмсақ болып таңғалдырып еді. Онысы көпке созылмады. Иран америкалық тікұшақты атып түсіріп еді, баяғы Трамп қайта оралды. Бірден Иранға жойқын соққы жасауға бұйрық берген АҚШ Президенті, шабуылды үдетемін, - деп жариялады.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Кеше өздеріңіз көрген шығарсыздар. Бір тікұшақтң кегі деп, жанармай қоймалары, әуе қорғанысы кешендері мен бірнеше командалық пункттерін жойып жібердім. Мен бұларға мейіріммен қарап едім, арты осындай болды. Енді, мен күнделікті бұдан да жойқын соққылар жасаймын. Бірде-біреуін қалдырмай қырамын. Қолыма түскендерін бауыздаймын.
Соғыстың салдарынан АҚШ-та жанармай бағасы өсіп, Трамптың рейтингі құлағаны мәлім. Трамптың бітімгер кейіпке енгені де осыдан. Аладйа, халық наразылығын бұл тоқтата қоймады. Енді АҚШ Президенті халықты соғыстан кейін мол пайдаға кенелесіңдер деп сендіруге ұмтылды.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Сіздер таң қалмаңыздар.Мен инфляцияны жақсы көремін. Адамдардың басым көпшілігінің экономикадан хабары жоқ. Біз миллиондаған баррель мұнай өндірдік. Иран да бұл туралы білмейтін секілді. Ол топастар маған жем болды. Біз пайдаған кенеліп жатырмыз. Бюджетке ақша молынан түсіп жатыр. Себебі, бүкіл Парсы шығанағының нарығы бізге байланды да қалды. Ал, инфляция осымен бірге ақшаны өндіріске жұмсауға мүмкіндік берді.
Израиль мен Ливанның келісімі де жайына қалды. Бүгін ЦАХАЛ жойқын әуе шабуылын жасады. осыған байланысты, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы да өтті.