Кітап оқитын ұлт қалыптастыру жолдары талқыланды

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2026

Астанада кітап оқу мәдениетін дамыту, отандық әдебиетті қолдау және баспа ісін цифрландыру мәселелері талқыланды. Бүгінде елімізде 3 800-ден астам кітапхана жұмыс істейді. Кітап қорының 72,5 пайызы электронды форматқа көшірілген. Бұл қай өңірде қандай кітаптарға сұраныс жоғары екенін анықтауға мүмкіндік береді, дейді мамандар. Нәтижесінде оқырман сұранысына сай кітаптар басып шығару жоспарлануда. Жиын барысында республика бойынша «Жылдың үздік 10 оқырманы» байқауын өткізу идеясы да ұсынылды.

МӘДИНА СӘДУАҚАСОВА, «ЛЕНИВЫЕ ЧИТАТЕЛИ» КІТАП КЛУБЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Мұндай бастамалардың қолға алынып жатқанына өте қуаныштымын. Президентіміздің кітап оқитын ұлт қалыптастыруға бағытталған бастамасы шабыт береді. Осындай кездесуге қатысып, кітап қауымдастықтары, кітапханалар мен баспалардың бір мақсат жолында бірігуі өте маңызды деп санаймын.