Екі айда терроризм мен экстремизмге қатысы бар 13 адам сотталды

ҰҚК

Биыл сәуір-мамыр айларында ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 13 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

2026 жылғы сәуір-мамыр айларында ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 13 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Олардың бірі, Астана қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде террористік идеологияны насихаттаған, сондай-ақ айналасындағыларды террористік белсенділік аймақтарына шығуға үгіттеген. Сот шешімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екіншісі, Шымкент қаласының тумасы айналасындағыларды Қазақстанда теократиялық мемлекетін құруға шақырып, терроризм идеяларын таратқан. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Осы кезеңде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Абай облыстарында осындай қылмыстар жасады деген күдікпен 11 адам, оның ішінде 2 шетелдік және шетелден экстрадицияланған 3 Қазақстан азаматы ұсталды.

Олар Ғаламторда және өз айналасында экстремистік материалдарды таратты, террористік белсенділік аймақтарына шығуға және өздерінің ұстанымдарымен келіспейтін адамдарға қатысты зорлық-зомбылыққа шақырды деп күдіктелуде.

Қылмыстық кодекстің тиісті баптарында сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: //turkystan.kz/article/282931-eki-aida-terrorizm-men-ekstremizmge-qatysy-bar-13-adam-sottaldy-uqq