"Бізге қара бастың қамы емес, қара шаңырақ Қазақстанның болашағы қымбат",- Е. Қошанов

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2026

«AMANAT» пен «Әділет» партиясы бірігеді. Саяси алаңдағы салмақты жаңалық" AMANAT" партиясының 26-съезінде айтылды. Бұл шешім елдегі саяси күштердің бір арнаға тоғысып, ортақ мақсат жолында жұмыс істеуіне бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Саяси ұйымдардың бірігуі жай ғана құрылымдық өзгеріс емес екені анық. Мәжіліс төрағасының айтуынша, бұл елдегі реформаларды жүзеге асыру үшін күш біріктірудің көрінісі. Бүгінде Аманат Парламент Мәжілісіндегі ең ірі фракция саналады. Мәжіліс депутаттарының 63 пайызы осы партия мүшелері.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президент реформаларын қолдайтын, мемлекеттің болашағына Бейжай қарамайтын отаншыл прогрессивті күштерді бөліп алмауымыз керек. Керісінше елдің болашағы үшін бірігу керек. Бұдан кім ұтады? Прогрессивті күштерде жақтастар да ұтады. Ең бастысы қоғаммен мемлекет ұтады. Өйткені біздің мақсат мұратымыз құндылықтарымыз бір. Бізге қара бастың қамы емес, қара шаңырақ Қазақстанның болашағы қымбат.

Кейінгі жылдары саяси ұйым мүшелері заң шығару жұмысына белсенді араласты. Депутаттар 413 заң жобасын көтеріп, оның 321-і Сенатқа жолданып, 275-і қабылданған. Сонымен қатар 852 депутаттық сауал жолдап, мемлекеттік органдарға мыңнан астам өзекті мәселе бойынша сұрақ қойған.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы алғанда, қазіргі шақырылым кезеңінде бастамашылық етілген 118 заң жобасының 104-ін біздің партия депутаттары әзірледі. Басқаша айтқанда, заңнамалық бастамалардың 88 пайызы «Аманат» партиясының депутаттарына тиесілі.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің жұмысымыз әрі қарай жалғасуда, біздің миссиямыз жалғасуда. Біздің осы Әділетті Қазақстан құрамыз, қуатты Қазақстанды құрамыз, прогрессивті Қазақстанды құрамыз деген негізгі жұмыс осы жаңа бірлескен партияның төңірегінде әрі қарай жалғасады. Ештеңе тоқтаған жоқ. Бұл жұмыстың біздің партиямыздың бір еліміздегі келесі маңызды қадам.

Партия бастамалары заң шығарумен ғана шектелген жоқ. «Ауыл аманаты» жобасы арқылы ауыл тұрғындарына 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беріліп, мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылды. Ал «Жер аманаты» жобасы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруға мүмкіндік берсе, «Тұрғындар аманаты» мен «Қарызсыз қоғам» бағдарламалары азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталды.

ЕРКЕБҰЛАН ЗАҒЫПАРОВ, ЗАЙСАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы Қазақстан мемлекетін ата бабамыздың армандап жеткен тәуелсіздігін нығайту береке бірлікке бастау ол әр партияның ортақ мүддесі деп білеміз. Президентіміз жуырда өткен рәміздер күнінде саяси күштердің бірігуін отанның экономикасының әлеуетінің артуында бір жұдырықта болуын айтқан еді. Сол бағытта партияның жұмыстары атқарылады деп ойлаймын.

СЕРЖАН АЙТЖАН, ТІЛШІ:

Қос партияның қосылуы – жай ғана саяси құрылымдардың бірігуі емес. Бұл ортақ мақсат пен жауапкершілік жолындағы қадам екені анық. Себебі ел дамуы үшін күштің бір арнаға жұмылуы маңызды.