Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақтылық пен қауіпсіздікке өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұйымның 25 жылдық мерейтойына жиналған сарапшылардың пікірі осындай. Бас қосуда Шанхай ынтымақастығының нәтижелері мен қазіргі сын-қатерлер және күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға талдау ұйымдарының өкілдері мен халықаралық қатынастар саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қатысты. Пікірталас барысында қатысушылар ұйымның өңірлік қауіпсіздікке, экономикалық ынтмақтастыққа және Еуразия кеңістігіндегі гуманитарлық байланыстарды кеңейтудегі рөлін талқылады.
ДӘУРЕН АБАЙ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
25 жылдың ішінде ұйымның қарастыратын мәселелер тізімі ұлғайды. Оныі ішінде экономика, инвестиция, сауда-саттық, технологиялар алмасу, биологиялыцқ қауіптерге бірге қарсы тұру. Кибер қауіпсіздік мәселелері өз орнын тауып жатыр ұйымның қарастырып отырған мәселелері.