Жамбылда көлік аударылып, отқа оранды

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2026

Жамбыл облысы Шу ауданында жан түршігерлік жол көлік оқиғасы тіркелді. Жылдамдықты асырған жүргізуші рөлге ие бола алмай көпірді жапырып, көлігі жол шетіне ұшып кеткен. Салдарынан жүргізуші сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал ішіндегі екі жолаушы ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген.

Соққының қатты болғаны соншалық темір тұлпардың саутамтығы қалмаған. Қытайдың Changan маркалы көлігі аударылған сәтте отқа оранған. Оқиғаның қалай болғанын ешкім нақты дөп басып айталмайды. Белгілісі үш адам жол жиегінде жатыр. Біреуі оқиға орынанда марқұм болса, екеуінің жағдайы ауыр. Куәгерлердің айтуынша жол апатына түскендер Алматы қаласының тұрғындары екен. Шу ауданын тойға келген көрінеді. Айта кетейік Жамбыл облысыда жыл басынан бері 700 жуық жол апаты тіркеліп, салдарынан 58 адам қаза тапты.

ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жүргізуші көлік құралын басқара алмауы себебінен автокөлік аударылып кеткен.Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.