Сұлтан Сәрсемәлиевтің сотында бұрынғы қайын ата мен енесін қалай өлтіргенін егжей -тегжей баяндаған тергеу кезіндегі видеосы көрсетілді

Атырауда қайын жүртын асқан қатыгездікпен  өлтірді деп  айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот отырысында тергеу кезіндегі жантүршігерлік видеолар көрсетілді.  Онда сотталушы бұрынғы қайын атасы  мен енесін қалай өлтіргенін егжей -тегжей баяндайды. Қанды қылмысты былтыр 3 қараша күні  таңертең,  әйелі Ақбаян мен 3 жасар қызы және қайын апасы Мейрамгүл ұйықтап жатқан кезде  жасаған.  Ата-анасы Ақбаянды өзімен кері жібермейтінін, қалған балаларды алып келуімді талап етіп,  ашуыма тиді,- дейді. Сол кезде алдымен өзіне қол жұмсау туралы ой келген, бірақ кейін райынан қайтып, олардың көзін жоюды жоспарлаған. Сарайда үстел үстінде пышақ жатқанын көріп, Ақбаянның анасының сарайға кіргенін  күткен. Алдымен мойын, кейін  жүрек тұсына  бірнеше рет сермепті. Сол сәтте үйдің есігі жабылып, әкесі келе жатқанын сезіп, оны да сол  пышақпен жайратып тастаған.  Қылмыс жасамас бұрын қос қарияны алдап, банк шоттарын өзіне аударып алғанын да айтады.

СҰЛТАН СӘРСЕМӘЛИЕВ, СОТТАЛУШЫ:

Қазір мен асылсам, тірі кезімде баламды алып жатыр, өлгенде босқа алып кетеді деген ой келді. Анамнан немерелерін алып кетеді деген ой болды. Анамды қимадым. Қару іздедім. Өлтіремін деп келген жоқпын мына үйге. Пышақ та болған жоқ.  3 жасар қызымды ерітіп келдім ғой. Өлтіретін болсам, ерітіп келмеймін ғой. Мейрамгүлді өлімге қиған жоқпын. Мысалы, бүкіл үйді қырып кетемін десем де Мейрамгүлді  үшінші қылып қосар едім ғой. Мейрамгүлді өлтіру ойымда болған жоқ.  

Сұлтан Сәрсемәлиев  тергеу кезінде қанды қылмысты киноның желісін баяндағандай  еш шімірікпестен  қалай айтып берсе, сотта да қабақ қақпастан  салқынқанды күйінде қарап отырды. Ол қос мүрдені сыртқа шығаруға көршілерден сескендім,- дейді. Сондықтан  қараңғы түскенін күтіп, 2 түн бойы сарай ішінде шұқыр қазып, көміп,  тазалаған. Сот отырысында   белгілі болғандай, тергеу кезінде Ақбаян шетелде жүрген кезде үнемі  ұйықтай бергенін әрі телефонын күйеуі алып қойғанын айтқан. Сот сараптама қорытындысында  да оны өз әрекетіне баға бере алмайды деп көрсеткен.

ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Басқ да бөлімдерде біріктіріліп анықталған  аурулары кезіндегі ақыл кемдігі деменсия диагнозы,  созылмалы психикалық ауруымен зардап шегеді. Мұқанғалиева Ақбаян Мақсотқызы өз әрекетіне баға  бере  алмайды және өз әрекетін басқара алмайды.  Қоғамдық ортаға бейімделмеген, қорғаншылық тағайындауды қажет етеді.